1. Қосымшаға сәйкес Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Батырғұжинов |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "21" қаңтардағы № 3 қаулысына қосымша |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің күші жойылды
деп танылған қаулыларының тізбесі
№ | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Тіркелген және жарияланған күні |
1 | 2 | 3 |
1. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 96 "Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдары "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 19 мамырда № 4467 тіркелген; 2015 жылғы 30 мамырда № 21 "Ауыл тынысы" және № 21 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған |
2. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 34 "Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 5 наурызда № 3724 тіркелген, 2014 жылғы 29 наурызда № 12 "Ауыл тынысы" және № 12 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған |
3. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 336 "Ақтоғай ауданының ауылдық округтері аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 қаңтарда № 4263 тіркелген; 2015 жылғы 24 қаңтарда № 3 "Ауыл тынысы" және № 3 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған |
4. | Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 64 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы | нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 26 наурызда № 3741 тіркелген, 2014 жылғы 29 наурызда № 12 "Ауыл тынысы" және № 12 "Пульс села" аудандық газеттерінде жарияланған |