Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 24 ақпандағы N 64 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 наурызда N 3741 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы N 3 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 21.01.2016 N 3 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 21-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6)-тармақшаларына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылық көретін қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының екі пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының екі пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      3. Кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектері үшін меншік нысанына қарамастан Ақтоғай ауданының кәсіпорындарында, мекемелер мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
      4. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілерге тиісті жолдамалар беру жолымен өтініш жасаған қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдар түлектерін квоталандырылған жұмыс орындарына орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Сейтахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады