1. Ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың өткізілуіне байланысты Качир ауданы Песчан ауылдық округінің Песчан ауылындағы "Песчан асыл тұқымды орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағындағы ауылшаруашылық малдардың лейкозбен ауыру фактісі бойынша шектеу іс-шаралар алынып тасталсын.
2. Песчан ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 10 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4682 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 37 "Тереңкөл тынысы", 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 36 "Заря" газеттерінде жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Песчан ауылдық округінің әкімі | А. Дүйсембаева |