Песчан ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 10 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Песчан ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына сәйкес, Качир ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 24 ақпандағы № 43 ұсынысы негізінде, ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың өткізілуіне байланысты Качир ауданы Песчан ауылдық округінің Песчан ауылындағы "Песчан асыл тұқымды орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағындағы ауылшаруашылық малдардың лейкозбен ауыру фактісі бойынша шектеу іс-шаралар алынып тасталсын.
      2. Песчан ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 14 тамыздағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 10 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4682 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 37 "Тереңкөл тынысы", 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 36 "Заря" газеттерінде жарияланған).
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Песчан ауылдық округінің әкімі А. Дүйсембаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады