1. Ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың өткізілуіне байланысты Качир ауданы Октябрь ауылдық округінің аумағында орналасқан "Дидар" Шаруа қожалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында ірі-қара мал лейкозы бойынша шектеу іс-шаралар алынып тасталсын.
2. Октябрь ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 26 тамыздағы "Октябрь ауылдық округінің "Дидар" Шаруа қожалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында шектеу шараларын енгізумен ветеринарлық режимді белгілеу туралы" № 8 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4716 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазандағы № 39 "Тереңкөл тынысы", "Заря" газеттерінде жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Октябрь ауылдық | |
округінің әкімі | М. Мейірманов |