Октябрь ауылдық округінің "Дидар" Шаруа қожалығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында шектеу шараларын енгізумен ветеринарлық режимді белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир ауданы Октябрь ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 26 тамыздағы № 8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қыркүйекте № 4716 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир ауданы Октябрь ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 1 шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Качир ауданы Октябрь ауылдық округі әкімінің 09.03.2016 № 1 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес және Качир ауданының ветеринарлық-санитарлық мемлекеттік бас инспекторы міндетін атқарушысының ұсынымхаты негізінде Октябрь ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
       Качир ауданы Октябрь ауылдық округінің аумағында орналасқан "Дидар" шаруа қожалығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жануарлар фермасында ірі-қара мал лейкозының анықталуына байланысты шектеу шаралары енгізіліп, ветеринарлық режим тағайындалсын.
       "Качир ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Качир аудандық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Качир аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық ахуалды қамтамасыз ету үшін тиісті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізсін.
       Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
       Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Әкім: М. Мейірманов
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Качир ауданының
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндетін атқарушы А. Жарелдинов
      2015 жылғы 14 тамыз
      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Ветеринариялық бақылау
      және қадағалау комитетінің
      Качир аудандық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы С. Сәрсенов
      2015 жылғы 14 тамыз
      
      "Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау Комитеті Павлодар облысы
      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      Департаментінің Қашыр аудандық
      тұтынушылардың құқықтарын
      қорғау басқармасы"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Т. Тыртықаев
      2015 жылғы 14 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады