1. Новопокров ауылдық округінің Галицкое ауылының "Галицкое" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аумағында жылқылар арасында ринопневмония және ірі қара малдардың лейкоз ауру ошақтарын жою жөнінде кешенді ветеринарлық шаралардың жүргізілуіне байланысты шектеу шаралары алынсын.
2. "Новопокров ауылдық округінің Галицкое ауылының "Галицкое" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы" Новопокров ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 5ш шешімі өз күшін жойды деп есептелсін (Павлодар облысының Әділет Департаментінде № 4755 тіркелген, 2015 жылдың 24 қазанда № 42 аудандық "Аймақ ажары" газетінде жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Новопокров ауылдық | |
округінің әкімі | Г.В. Дубина |