Новопокров ауылдық округінің Галицкое ауылының "Галицкое" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аумағында шектеу іс–шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен ауданы Новопокров ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 5ш шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 09 қазанда № 4755 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен ауданы Новопокров ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 15 ақпандағы № 2ш шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен ауданы Новопокров ауылдық округі әкімінің 15.02.2016 № 2ш шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Успен ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық–санитарлық инспекторының ұсыныстары негізінде Новопокров ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жылқылар арасында ринопневмония және ірі қара малда лейкоз ауруының анықталуына байланысты, Новопокров ауылдық округінің Галицкое ауылының "Галицкое" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мал шаруашылығы фермасының аумағында шектеу іс–шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. "Успен ауданының ветеринария бөлімі" (келісім бойынша) және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Успен аудандық аумақтық инспекциясы" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелері анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық ахуалды қамтамасыз ету үшін тиісті ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
      Новопокров ауылдық
      округінің әкімі Г. В. Дубина
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Успен ауданының
      ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндетін атқарушы Е. Бекжанов
      2015 жылғы "15" қыркүйек
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл Шаруашылығы министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау Комитетінің Успен
      аудандық аумақтық
      инспекциясының басшысы Б. Ағатанов
      2015 жылғы "15" қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады