1. Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылғаны танылсын:
2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 365 "Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін жұмыс орнындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылғаны танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 15 қазанда № 1901 тіркелген, 2012 жылғы 25 қазандағы № 43 "Айыртау таңы", 2012 жылғы 15 қазанда № 43 "Айыртауские зори" газеттерінде жарияланған;
2014 жылғы 27 наурыздағы № 133 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 365 "Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін жұмыс орнындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулысының күші жойылғаны танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 17 сәуірде № 2679 тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 7 "Бірінші сөз", 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 7 "Первое слово" газеттерінде жарияланған;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Тастеміров |