Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылғанын тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 тамыздағы № 280 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылғаны танылсын:
      2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 365 "Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін жұмыс орнындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылғаны танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 15 қазанда № 1901 тіркелген, 2012 жылғы 25 қазандағы № 43 "Айыртау таңы", 2012 жылғы 15 қазанда № 43 "Айыртауские зори" газеттерінде жарияланған;
      2014 жылғы 27 наурыздағы № 133 "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 365 "Қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін жұмыс орнындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулысының күші жойылғаны танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 17 сәуірде № 2679 тіркелген, 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 7 "Бірінші сөз", 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 7 "Первое слово" газеттерінде жарияланған;
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Тастеміров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады