Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 365 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернатқа ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 365 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы N 133 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 сәуірде N 2679 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 тамыздағы N 280 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 05.08.2016 № 280 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 365 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернатқа ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1901 тіркелген, аудандық "Айыртау таңы" және "Айыртауские зори" газеттерінде 2012 жылғы 25 қазанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "1. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір жарым пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының әкімі
А. Тастеміров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады