1. Қосымшаға сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларын күші жойылған деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Иманслям |
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 204 қаулысына қосымша |
Аудан әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулылар тізбесі
1. "Мүгедектерге жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 629 қаулысы (мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2014 жылдың 15 қаңтарында № 2488 тіркелген, 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 5 "Тайынша таңы", 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 4 "Тайыншинские Вести" аудандық газеттерінде жарияланған).2. "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар үшін, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 73 қаулысы (мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2015 жылдың 1 сәуірінде № 3187 тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 15 "Тайынша таңы", 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 15 "Тайыншинские Вести" аудандық газеттерінде жарияланған).
3. "2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау және нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 491 қаулысы (мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2015 жылдың 18 желтоқсандағы № 3505 тіркелген, 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 53 "Тайынша таңы", 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 25 "Тайыншинские Вести" аудандық газеттерінде жарияланған).
4. "2016 жылы Тайынша ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 534 (мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2016 жылдың 15 қаңтардағы № 3558 тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 5 "Тайынша таңы", 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 4"Тайыншинские Вести" аудандық газеттерінде жарияланған).