2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарды анықтау және нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 491 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 желтоқсанда N 3505 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы N 204 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 13.05.2016 N 204 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
       "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабы 2 тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында тұратын нысаналы топтар анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы балалар үйлерінің тәрбиенушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 02.02.2016 N 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. 2016 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) алынып тасталды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 02.02.2016 N 28 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
      2) елу жастан асқан жұмыссыз адамдар;
      3) он екі айдан астам жұмыс істемейтін адамдар;
      4) мүлдем жұмыс істейтін бір адамы жоқ отбасылардағы адамдар;
      5) толық емес жұмыс күні тәртібінде жұмыс істейтін, босатылған адамдар;
      6) Өз еркі бойынша жұмыстан босатылған адамдар;
      7) уақытша және маусымды жұмыстарға қатысқан адамдар;
      8) техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері (аяқтағаннан кейінгі үш жылдың ішінде).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының әкімі
Е. Иманслям

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады