1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Дүйсенғалиев |
Мәслихат хатшысы | С. Лұқпанов |
Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 443-V шешіміне қосымша |
Атырау облыстық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі
1) Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 19 қарашадағы № 250-ІІІ "Атырау қаласының 1 шаршы метр жер құнының базалық ставкасын түзету коэффициенттерін және салық салу мақсаты үшін аумақтарға бөлу кестесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылы 17 қарашада № 2450 тіркелген) шешімі;2) Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 337-V "2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 8 қаңтарда № 3075 тіркелген) шешімі;
3) Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 13 наурыздағы № 358-V "2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 9 сәуірде № 3155 тіркелген) шешімі;
4) Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 374-V "2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 7 шілдеде № 3244 тіркелген) шешімі;
5) Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 386-V "2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 22 қыркүйекте № 3296 тіркелген) шешімі;
6) Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 404-V "2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 4 желтоқсанда № 3373 тіркелген) шешімі.