"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442-ІІ Жер кодексінің 8, 11-баптарына сәйкес және облыстық әкімиятының 2004 жылғы 5 қазандағы N 191 қаулысын қарап, облыстық мәслихат XVI сессиясында ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атырау қаласының 1 шаршы метр жер құнының базалық ставкасын түзету коэффициенттері және салық салу мақсаты үшін аумақтарға бөлу кестесі бекітілсін (қосымша).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Облыстық мәслихат XVІ | |
сессиясының төрағасы | Е. Дошаев |
Облыстық мәслихат хатшысы | Ж. Доспаева |
Облыстық мәслихатының 2005 жылғы 19 қазанындағы № 250-ІІІ шешіміне қосымша |