Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 443-V шешімі

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 2 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес, V шақырылған облыстық мәслихат кезектен тыс ХХХІХ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С. Дүйсенғалиев
      Мәслихат хатшысы С. Лұқпанов

  Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 443-V шешіміне қосымша

Атырау облыстық мәслихатының күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1) Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 19 қарашадағы № 250-ІІІ "Атырау қаласының 1 шаршы метр жер құнының базалық ставкасын түзету коэффициенттерін және салық салу мақсаты үшін аумақтарға бөлу кестесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылы 17 қарашада № 2450 тіркелген) шешімі;
      2) Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 337-V "2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 8 қаңтарда № 3075 тіркелген) шешімі;
      3) Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 13 наурыздағы № 358-V "2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 9 сәуірде № 3155 тіркелген) шешімі;
      4) Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 маусымдағы № 374-V "2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 7 шілдеде № 3244 тіркелген) шешімі;
      5) Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 386-V "2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 22 қыркүйекте № 3296 тіркелген) шешімі;
      6) Атырау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 404-V "2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 4 желтоқсанда № 3373 тіркелген) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады