1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 167 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық акті Атырау облысы Әділет Департаментінің нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2015 жылғы 12 мамырда № 3202 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 мамырда аудандық "Кең Жылой" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Өмірбаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | М. Ізбасов |