Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 167 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 167 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық акті Атырау облысы Әділет Департаментінің нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2015 жылғы 12 мамырда № 3202 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 мамырда аудандық "Кең Жылой" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Өмірбаевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі М. Ізбасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады