Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 167 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 мамырда № 3202 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық әкімдігінің 05.01.2016 № 1 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № XXVIІ-12 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесіне келісім беру туралы" шешіміне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
       Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары Н. Өмірбаевқа жүктелсін.
       Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Ізбасов
      Келісілді:
Жылыой аудандық ХХVІІ мәслихат
сессиясының төрағасы
"09" 04 2015 жыл
Т. Майлыбаев
      Жылыой ауданы
мәслихатының хатшысы
"09" 04 2015 жыл
М. Кенғанов

  Жылыой ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі № 167 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының
ТІЗБЕСІ

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары
      күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер.
      2. Білім беру мамандарының лауазымдары
      мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
      мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары (мектепке дейінгі мемлекеттік мекемеден және қазыналық кәсіпорыннан басқа);
      кітапхана, интернат меңгерушісі;
      мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, тәлімгер, музыкалық жетекші, хореограф, нұсқаушы, әдістемеші, психолог, әлеуметтік педагог, медициналық бике, емдәм бикесі, кітапханашы, үйірме жетекшісі, зертханашы.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары
      кітапхана меңгерушісі;
      мамандар (бас, аға): кітапханашы, әдістемеші, музыкалық жетекші.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады