1. "Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 161 "Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру және Ережесін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3278 санымен тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 26 санында жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. "Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Бұхарбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі | Б. Сәрсенғалиев |