Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 161 "Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру және Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 133 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 26 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 161 "Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру және Ережесін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3278 санымен тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 26 санында жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. "Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Бұхарбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудан әкімі Б. Сәрсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады