1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Арыс қаласы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С.Ертай |
Арыс қаласы әкімдігінің 03 маусымдағы 2016 жылғы № 179 қаулысына қосымша |
Арыс қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының тізбесі
1. Арыс қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 504 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2832 болып тіркелген "Арыс ақиқаты" газетінің 2014 жылғы 25 қазандағы № 45 (5935) нөмірінде жарияланған) қаулысы.2. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 304 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Арыс қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 504 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3220 болып тіркелген "Арыс ақиқаты" газетінің 2015 жылғы 11 шілдедегі № 28 (5970) нөмірінде жарияланған) қаулысы.
3. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 25 "Арыс қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3013 болып тіркелген "Арыс ақиқаты" газетінің 2014 жылғы 21 ақпандағы № 8-9 (5951) нөмірінде жарияланған) қаулысы.
4. Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 46 "Арыс қаласы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 25 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3602 болып тіркелген "Арыс ақиқаты" газетінің 2016 жылғы 2 сәуірдегі № 15 (6009) нөмірінде жарияланған) қаулысы.