"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 28.05.2015 № 304 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | С.Ертай |
Арыс қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 504 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Оның ішінде | |
республикалық бюджет есебінен | жергілікті бюджет есебінен | ||
1 | 3038 | 1894 | 1144 |
Арыс қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 504 қаулысына 2-қосымша |
Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | |
Бала бақша | Мектеп жанындағы шағын орталық |
21293 | 9526 |
Арыс қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 504 қаулысына 3-қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Барлығы | Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) | Айына бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) |
300 | 6300 |
Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.