"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Арыс қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 504 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 304 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 маусымда № 3220 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 3 маусымдағы № 179 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қаласы әкiмдiгiнiң 03.06.2016 № 179 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 1119 қаулысына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арыс қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 504 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2832 тіркелген, 2014 жылғы 25 қазанда "Арыс ақиқаты" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының кіріспесіндегі "Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына" деген сөздер алып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі С.Ертай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады