Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 7-бабының 5-тармағына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. ««Б» корпусындағы Кентау қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 236 шешімінің күші жойылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 21 шілдеде № 3258 болып тіркелген, 2015 жылы 08 тамызда № 32 «Кентау Шұғыласы» газетінде жарияланған).
2. ««Б» корпусындағы Кентау қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 236 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 257 шешімінің күші жойылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 қазанда № 3379 болып тіркелген, 2015 жылы 7 қараша № 45 «Кентау Шұғыласы» газетінде жарияланған).
Қалалық мәслихатының
сессия төрағасы Т. Садуов
Қалалық мәслихатының
хатшысы К. Сырлыбаев