""Б" корпусындағы Кентау қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 236 шешімін және ""Б" корпусындағы Кентау қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 236 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 257 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 4 ақпандағы № 294 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 7-бабының 5-тармағына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. ««Б» корпусындағы Кентау қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 236 шешімінің күші жойылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 21 шілдеде № 3258 болып тіркелген, 2015 жылы 08 тамызда № 32 «Кентау Шұғыласы» газетінде жарияланған).
      2. ««Б» корпусындағы Кентау қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 236 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 257 шешімінің күші жойылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 қазанда № 3379 болып тіркелген, 2015 жылы 7 қараша № 45 «Кентау Шұғыласы» газетінде жарияланған).
      
      Қалалық мәслихатының
      сессия төрағасы                            Т. Садуов
      
      Қалалық мәслихатының
      хатшысы                                    К. Сырлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады