""Б" корпусындағы Кентау қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 236 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 257 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қазанда № 3379 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 4 ақпандағы № 294 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 04.02.2016 № 294 шешімімен.

      «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы Жарлығының 27-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің 2015 жылғы 16 қыркүйегіндегі шығыс № 2-26-3/3350 санды хатына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кентау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 236 ««Б» корпусындағы Кентау қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3258 тіркелген, 2015 жылғы 08 тамызда «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген орыс тіліндегі «Б» корпусындағы Кентау қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесінің 13 тармағына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгертілмейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       М.Күнпеисов

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    К.Сырлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады