Сайрам аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1. Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 31-200/V "Сайрам аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 27 маусымда № 2705 тіркелген, 2014 жылдың 18 шілдедегі "Мәртөбе" және "Пульс Сайрама" газеттерінде жарияланған) шешімі;
2. Сайрам аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 44-312/V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 тамызда № 3315 тіркелген, 2015 жылдың 21 тамыздағы "Мәртөбе" және "Пульс Сайрама" газеттерінде жарияланған) шешімі.
Сессия төрағасы | М.Сиддиков |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ж.Сүлейменов |