Сайрам аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 шілдедегі № 6-38/VI шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына және ("Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес), Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Сайрам аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1. Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 31-200/V "Сайрам аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 27 маусымда № 2705 тіркелген, 2014 жылдың 18 шілдедегі "Мәртөбе" және "Пульс Сайрама" газеттерінде жарияланған) шешімі;
      2. Сайрам аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 44-312/V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 тамызда № 3315 тіркелген, 2015 жылдың 21 тамыздағы "Мәртөбе" және "Пульс Сайрама" газеттерінде жарияланған) шешімі.
      Сессия төрағасы М.Сиддиков
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж.Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады