1. Сайрам аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қазандағы № 46-328/V "Пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 24 қарашада № 3439 тіркелген, 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мәртөбе" және "Пульс Сайрама" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Сайрам аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 44-313/V "Б" корпусындағы Сайрам аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 6 тамызда № 3309 тіркелген, 2015 жылғы 21 тамыздағы "Мәртөбе" және "Пульс Сайрама" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Сессия төрағасы | Е.Беркінбаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ж.Сүлейменов |