Сайрам аудандық мәслихаты шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 ақпандағы № 51-365/V шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 40 бабы 2 тармағының 4 тармақшасына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сайрам аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 қазандағы № 46-328/V "Пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 24 қарашада № 3439 тіркелген, 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мәртөбе" және "Пульс Сайрама" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Сайрам аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі № 44-313/V "Б" корпусындағы Сайрам аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 6 тамызда № 3309 тіркелген, 2015 жылғы 21 тамыздағы "Мәртөбе" және "Пульс Сайрама" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      Сессия төрағасы Е.Беркінбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж.Сүлейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады