«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурызындағы Заңының 21-1 бабына сәйкес Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Созақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 114 «Б» корпусындағы Созақ ауданының бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Созақ ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3160 тіркелген, 2015 жылғы 27 мамырында «Созақ үні» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразовқа жүктелсін.
Аудан әкімінің
міндетін атқарушы С.Еденбаева