"Б" корпусындағы Созақ ауданының бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Созақ ауданы әкімі аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Созақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 114 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 69 қаулысы

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурызындағы Заңының 21-1 бабына сәйкес Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Созақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 114 «Б» корпусындағы Созақ ауданының бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Созақ ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3160 тіркелген, 2015 жылғы 27 мамырында «Созақ үні» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразовқа жүктелсін.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          С.Еденбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады