Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 7 қарашадағы № 295 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3107 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 148 (16929) "Дидар", 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 147 (19440) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |