Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 152 Жарлығының күші жойылуына байланысты және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 – бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Семей қаласы "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы" қала әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 629 қаулысының (нормативтік құқықтық ақтілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 25 мамырдағы № 3971 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қала әкімі | Е. Сәлімов |