Семей қаласы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 629 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 мамырда № 3971 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 102 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 27.01.2016 № 102 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 2 - тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10130 тіркелді), Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Семей қаласы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
      2. Қаулының орындалуын бақылау Семей қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      3. Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Семей қаласының әкімі А. Кәрімов

  Семей қаласы әкімідігінің
2015 жылғы " 22 " сәуірдегі
№ 629 қаулысына қосымша

Семей қаласы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі
1. Жалпы Ережелер

      1. Осы Семей қаласы "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың әдiстемесiн iске асыру үшiн әзiрлендi және Семей қаласы "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң (бұдан әрi – мемлкеттік қызметшiлер) қызметiне жыл сайынғы бағалау жүргiзу тәсiлiн айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын қала әкімімен тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы болып - аппарат басшысы табылады.
      Комиссия хатшысы персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметінің) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Персоналды басқару бөлімі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Персоналды басқару бөлімі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын мемлекеттік қызметшіге бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1 -қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей қол астындағыға бағалау парағын персоналды басқару бөлімінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару бөліміне қайтарады. Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару бөлімінің қызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

3. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшініңқарамағындағы адамдардың, алқарамағындағы адамдар болмаған жағдайда - қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару бөлімі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Қызметшілер Әдістеменің 2 -қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      15. Қызметкерлермен толтырылған бағалау парағы олар алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару бөліміне жіберіледі.
      16. Персоналды басқару бөлімі мемлекеттік қызметкерлерге орта бағасын есептейді.
      17. Бағалаужасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Персоналды басқару бөлімі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      а = b + с
      а - қызметшінің қорытынды бағасы,
      b - тікелей басшының бағасы,
      с - осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен - "қанағаттанарлықсыз",
      21-ден 33 балға дейін - "қанағаттанарлық",
      33 баллдан жоғары - "тиімді".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Персоналды басқару бөлімі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару бөлімі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3 -қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысыхаттамасыныңжобасынтапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда персоналды басқару бөліміменқате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Персоналды басқару бөлімі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару бөлімімінң қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 21-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару бөлімінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

  "Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
1 - қосымша

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т. А. Ә. (бар болған жағдайда):_______________
      Бағаланатын қызметшінің луазымы:_______________________________

Р/с

Өлшем
Көрсеткіштің мәні
(саны)
Баға (балл)
1.
Бастамашылығы
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 8-ге дейін
 
3.
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5-ке дейін
 
4.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 

      БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)

Таныстым:
Қызметші Т. А. Ә.
(бар болған жағдайда)____
күні___________________________
қолы________________________
Тікелей басшы
Т. А. Ә.
(бар болғанжағдайда)_______
күні_____________________
қолы_________________________

  "Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
2 - қосымша

Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т. А. Ә. (бар болған жағдайда):_______________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:_____________________________

Р/с №
Өлшем
Көрсеткіштің мәні (саны)
Баға (балл)
 
Бағынышты адам
1.
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Жұмысқа ынталандыру қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
3.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
 
 
 
Әріптесі
1.
Топта жұмыс істей алу қабылеті
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
3.
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
2-ден 5-ке дейін
 

  "Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
3- қосымша

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      _____________________________________________________________________

            (мемлекеттік органның атауы)

Р/с №
Қызметшінің Т. А. Ә. (бар болғанжағдайда)
Тікелей басшының бағасы
Айналмалы баға
Қорытынды баға
1.
 
 
 
 
...
 
 
 
 

      Комиссия қорытындысы:
      ________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы:_____________________________ Күні:_________________

            (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      Комиссия төрағасы:____________________________ Күні:_________________

            (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      Комиссия мүшесі:______________________________ Күні:_________________

            (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады