"Семей қаласы "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы" 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 629 қаулының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 102 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 152 Жарлығының күші жойылуына байланысты және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 – бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Семей қаласы "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы" қала әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 629 қаулысының (нормативтік құқықтық ақтілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 25 мамырдағы № 3971 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Қала әкімі Е. Сәлімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады