1. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
"Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 16 ақпандағы № 126 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 12 наурыздағы № 3734 тіркелген, аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2015 жылғы 18 наурызда № 22 (10422) жарияланған);
"Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 16 ақпандағы № 127 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 12 наурыздағы № 3736 тіркелген, аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2015 жылғы 21 наурызда № 23, 24 (10423, 10424) жарияланған);
"Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 16 ақпандағы № 129 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 12 наурыздағы № 3733 тіркелген, аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2015 жылғы 28 наурызда № 25 (10425) жарияланған);
"Аягөз ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 245 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 3857 тіркелген, аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2015 жылғы 18 сәуірде № 31 (10431) жарияланған);
"Аягөз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 611 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 08 қазандағы № 4166 тіркелген, аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2015 жылғы 05 желтоқсанда № 70 (10470), 2015 жылғы 12 желтоқсанда № 71 (10471), 2015 жылғы 19 желтоқсанда № 72 (10472), 2015 жылғы 26 желтоқсанда № 73, (10473) жарияланған);
"Аягөз ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 610 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 08 қазандағы № 4168 тіркелген, аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2015 жылғы 28 қарашада № 69 (10469) жарияланған);
"Аягөз ауданының ветериария бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы № 740 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 07 желтоқсандағы № 4264 тіркелген, аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2015 жылғы 19 желтоқсанда № 72 (10472) жарияланған);
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Рғаеваға жүктелсін.
Аудан әкімі | Б. Байахметов |