РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21-1 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Аягөз ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 16 ақпандағы № 130 "Аягөз ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3735 нөмірімен тіркелген, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі нөмірі 26 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Д.Жоргекбаев |
Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "18" қарашадағы № 740 қаулысымен бекітілген |
"Аягөз ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Аягөз ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Аягөз ауданы аумағында ветеринария саласына басшылықты жүзеге асырады.2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070200, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 62.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Аягөз ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлім қызметін қаржыландыру Аягөз ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Бөлімнің миссиясы: ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын іске асыруды қамтамасыз ету.15. Бөлімнің міндеттері:
1) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;
2) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) Аягөз ауданының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау;
5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою.
16. Бөлімнің функциялары:
1) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырады;
2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастырады және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
3) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастырады;
4) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай залалсыздандырады (зарарсыздандырады) және қайта өңдейді;
5) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын иелерiне өтейді;
6) Аягөз ауданының шегiнде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
7) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргiзеді;
8) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін береді;
9) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
iшкi сауда объектiлерiнде;
жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiнде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
ветеринариялық препараттар өндiрудi қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын адамдарда;
экспортын (импортын) және транзитiн қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсiру кезiнде;
экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкiн көлiк құралдарының барлық түрлерiнде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерi бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетiн, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзиттi қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi өсiретiн, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндiрiстiк үй-жайларында және қызметiне жүзеге асырады;
10) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтiп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
11) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актiсiн жасайды;
12) Аягөз ауданының аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
13) уәкiлеттi орган бекiтетiн тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшiн жеткiзу бойынша ветеринариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн ұйымдастырады;
14) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорды жүргiзу бойынша iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
15) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастырады;
16) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзеді;
17) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
17. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
7) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.19. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Аягөз ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
6) Аягөз ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.