Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 05 мамырдағы № 290 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 Заңының 27-бабына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      "Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 16 ақпандағы № 126 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 12 наурыздағы № 3734 тіркелген, аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2015 жылғы 18 наурызда № 22 (10422) жарияланған);
      "Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 16 ақпандағы № 127 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 12 наурыздағы № 3736 тіркелген, аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2015 жылғы 21 наурызда № 23, 24 (10423, 10424) жарияланған);
      "Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 16 ақпандағы № 129 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 12 наурыздағы № 3733 тіркелген, аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2015 жылғы 28 наурызда № 25 (10425) жарияланған);
      "Аягөз ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 245 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 3857 тіркелген, аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2015 жылғы 18 сәуірде № 31 (10431) жарияланған);
      "Аягөз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 611 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 08 қазандағы № 4166 тіркелген, аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2015 жылғы 05 желтоқсанда № 70 (10470), 2015 жылғы 12 желтоқсанда № 71 (10471), 2015 жылғы 19 желтоқсанда № 72 (10472), 2015 жылғы 26 желтоқсанда № 73, (10473) жарияланған);
      "Аягөз ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 610 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 08 қазандағы № 4168 тіркелген, аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2015 жылғы 28 қарашада № 69 (10469) жарияланған);
      "Аягөз ауданының ветериария бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы № 740 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 07 желтоқсандағы № 4264 тіркелген, аудандық "Аягөз жаңалықтары" газетінде 2015 жылғы 19 желтоқсанда № 72 (10472) жарияланған);
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Рғаеваға жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Байахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады