Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабына, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің ШҚО Әділет Департаментінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 11-09/6819 ұсыныс хатына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылы 02 ақпанда № 4393 болып тіркелген (2016 жылдың 17 наурыздағы № 21 (8902) "Қалба тынысы" аудандық газетінде жарияланған), Жарма ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 қаңтардағы № 1 "2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" қаулысының күші жойылсын.
2. "Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-сі (Р. Касенов) осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Сыдықов |