Жарма ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 қаңтардағы № 1 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 146 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480 "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабына, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің ШҚО Әділет Департаментінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 11-09/6819 ұсыныс хатына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылы 02 ақпанда № 4393 болып тіркелген (2016 жылдың 17 наурыздағы № 21 (8902) "Қалба тынысы" аудандық газетінде жарияланған), Жарма ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 қаңтардағы № 1 "2016 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" қаулысының күші жойылсын.
      2. "Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-сі (Р. Касенов) осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
      3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады