Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі "Жарма аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 19/165-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3295 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 маусымында № 44 (8717) "Қалба тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Жарма аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі "Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 19/165-V "Жарма аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 29/253-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4106 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 тамызында № 65 "Қалба тынысы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | Д. Шаяхметов |
Мәслихат хатшысы | А. Сахметжанова |