РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 10 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1. "Жарма аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 19/165-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3295 болып тіркелген, "Қалба тынысы" газетінің 2014 жылдың 12 маусымдағы № 45 санында жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Аудандық мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Сқақов |
Мәслихат хатшысы | Н. Есполов |