Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күршім ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы "Күршім ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 сәуірде № 3238 болып тіркелген, 2014 жылы 7 мамырда аудандық "Рауан" - "Заря" газеттерінің № 34-35 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.Умутбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімі | С.Чукаев |