Күршім ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы "Күршім ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 3238 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы N 74 қаулысы

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күршім ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 наурыздағы "Күршім ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 сәуірде № 3238 болып тіркелген, 2014 жылы 7 мамырда аудандық "Рауан" - "Заря" газеттерінің № 34-35 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.Умутбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Күршім ауданының әкімі С.Чукаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады