Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 21-1-бабына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлан ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2015 жылғы 12 наурыздағы № 205 "Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 3830 тіркеліп, 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 34 "Ұлан таңы" газетінде жарияланған);
2) 2015 жылғы 12 наурыздағы № 210 "Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3831 тіркеліп, 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 38 "Ұлан таңы" газетінде жарияланған);
3) 2015 жылғы 16 наурыздағы № 217 "Ұлан ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 3 сәуірде № 3832 тіркеліп, 2015 жылғы 28 шілдедегі № 72 "Ұлан таңы" газетінде жарияланған);
4) 2015 жылғы 16 наурыздағы № 217 "Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 2 сәуірде № 3807 тіркеліп, 2015 жылғы 28 шілдедегі № 72 "Ұлан таңы" газетінде жарияланған);
5) 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 284 "Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 19 мамырда № 3949 тіркеліп, 2015 жылғы 16 маусымдағы № 59 "Ұлан таңы" газетінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Н. Абдыкаримовқа жүктелсін.
Ұлан ауданының әкімі | Д. Батырбаев |