"Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы N 210 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 сәуірде N 3831 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 09 наурыздағы № 92 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 09.03.2016 № 92 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. "Ұлан ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы Ұлан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 ақпандағы № 626 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ұлан ауданының әкімі міндетін атқарушы Д. Батырбаев

  Ұлан ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 12 наурыз
№ 210 қаулысымен
бекітілген

"Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ереже

      1. "Шығыс Қазақстан облысы "Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-бөлім) заңды тұлға статусы бар, мемлекеттік басқарудың бірыңғай мемлекеттің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық аграрлық саясатын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Бөлімнің заңды мекен-жайы: 071600, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Абай алаңы, 5 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Мемлекет Ұлан ауданының жергілікті атқарушы органы тұлғасында Бөлімнің құрылтайшысы болып табылады.
      11. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Ұлан ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен бөлім функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, және құқықтары

      15. Бөлімнің миссиясы: Ұлан ауданы аумағында кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда және аул шаруашылық мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруды қаматамасыз етеді.
      16. Бөлімнің міндеттері:
      1) кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады;
      2) Ұлан ауданы аумағында сауда қызметін реттейді;
      3) ауыл шаруашылық мәселелері жөніндегі мемлекет саясатының негізгі бағыттарын іске асырады;
      4) мемлекеттің бірыңғай аграрлық саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
      5) туристік қызметке жәрдемдеседі және оның даму үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
      17. Бөлімнің функциялары:
      1) Ұлан ауданы аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;
      2) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
      3) бәсекеге қабілетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірісін дамыту үшін жағдай жасайды;
      4) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      5) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      6) қаржы институттарының мүмкіндіктерін толық пайдалану арқылы шағын және орта кәсіпкерліктің дамытуына ықпал жасау;
      7) бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкерлікті қолдау бойынша жариялылықты қамтамасыз ету, кәсіпкерлікке қызмет көрсету және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін ақпараттық және ғылыми-методикалық базаны дамыту және құру;
      8) кәсіпкерлік субъектілерін басым бағытына сәйкес қаржыландыру үшін жобаларды бағалау және таңдауға қатысу;
      9) ауыл шаруашылығы өндірісін және өңдеу өнеркәсібін дамытудың аудандық бағдарламасын әзірлеу;
      10) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді және өңдеу өнеркәсібі құрылымдарын ақпараттық қамсыздандыру;
      11) өңдеуші кәсіпорындарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен және сауда–жабдықтау ұйымдарымен бір шаруашылықаралық кооперациясын жетілдіруіне және дамуына ықпал ету;
      12) ауданының агроөнеркәсіп кешенінде меншіктің, шаруашылық жүргізудің барлық түрлерінің және нарықтық инфрақұрылымдардың қалыптасуы мен дамуына ықпал ету;
      13) өндіру және сату көлемін ұлғайту, сервистік қызметті, несие ресурстарын пайдалану мақсатында агроөнеркәсіп кешенінде түрлі, жеке және заңды тұлғалардың біріктіру жұмыстарын ұйымдастыру;
      14) ауданының ауыл шаруашылығы ресурстарын кешенді түрде пайдалану, өндірістік өнімнің жаңа түрлерін игеру; құрал-жабдықтарды жаңарту;
      15) агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының, облыс және аудан әкімдігі мен әкімінің нормативтік актілерін орындау;
      16) аграрлық саясаттың негізгі бағыттарын орындауды, және оны жүзеге асыруды ұйымдастыру және соның негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың болашағы мен үрдістерін анықтау;
      17) агроөнеркәсіп кешенінде жеке меншіктік негіздегі шаруашылық жүргізудің түрлі ұйымдық–құқықтық нысандарының қалыптасуына және дамуына ықпал ету;
      18) асыл тұқымды малшаруашылығын қолдауға, мал өнімдерінің сапасын және көлемін арттыруға жергілікті бюджеттен берілетін субсидияларға құжаттар қабылдау;
      19) ҚР "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Заңының және нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын мемлекеттік бақылау;
      20) бюджет қаражаты есебінен субсидия алған жеке және заңды тұлғаларға селекциялық және асыл тұқымды малдың құндылығын бағалау және тексеру;
      21) асыл тұқымды өнімдердің мақсатты пайдаланылуын бақылау;
      22) бірыңғай ақпараттық талдау жүйесімен жұмыс атқару (БАТЖ);
      23) ғылыми–техникалық прогрестің негізгі бағыттарын айқындау мен оны жүзеге асырудың жолдары мен әдістеріне, ғылым және техника жетістіктерін, озық технологияны насихаттауға ықпал ету;
      24) мемлекеттік саясаттың өсімдіктерді қорғау және карантин, тұқым шаруашылығында қолдануын жүзеге асару;
      25) фитосанитарлық іс-шараларын ұйымдастыру;
      26) фитосанитарлық есептің жүргізілуін ұйымдастыру;
      27) шет елдерден немесе карантин объектілерінің карантин зонасынан енгізуден немесе дербес енуден аудан аумағын қорғауды ұйымдастырады;
      28) тапсырылған аймақтағы өсімдік шаруашылық өнімдерін залалды және айрықша қауіпті залалды организмдерден алдын алу үшін фитосанитарлық іс-шараларды ұйымдастыру;
      29) Өсімдік шаруашылығы бойынша субсидияланатын құжаттарды тексеру, қабылдау және Облыстық ауыл шаруашылық басқармасына тапсыру:
      басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау;
       тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау;
      өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау;
      ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге суармалы суды беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау;
      тұқым шаруашылығын дамытуға субсидиялау бойынша құжаттар қабылдау;
      30) агроөнеркәсіп кешеніне жаңа техника мен озық технологияны енгізу, лизинг бойынша ауыл шаруашылық техникалары мен технологиялық құрал-жабдықтар алуға ықпал жасау.
      31) "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып, тiркеу, қайта тiркеу" стандарт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
      32) "Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру" стандарт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
      33) "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу" стандарт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
      34) "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилермен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру" стандарт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
      35) "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты" стандарт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
      36) "Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жү рiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну" стандарт бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
      37) Ұлан ауданының туристік қызметін дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
      38) аудан аумағында туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін қажетті ақпаратты қалыптастырады және уәкілетті органға тоқсан сайын береді;
      39) туристік қызмет көрсету нарығына талдау жасайды және аудан аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді туризм жөніндегі уәкілетті органға береді;
      40) балалар мен жастар лагерлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмнің дамуына жәрдем көрсетеді;
      41) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және ақыл-кеңестік көмек көрсетеді;
      42) халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
      43) туристік ақпарат, оның ішінде туристтік әлеулет, туризм бъектілері мен туристтік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;
      44) тұрғындардың жеке шағымдарын және ұсыныстарын, хаттарын белгіленген тәртіпте қарау.
      18. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
      1) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

      19. Бөлімді басқару бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлан ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда бөлім мүддесін білдіреді;
      6) Ұлан ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Бөлімнің мүлкі

      22. Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      23. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады