"Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 205 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 сәуірде № 3830 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 09 наурыздағы № 92 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 09.03.2016 № 92 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      3. Ұлан ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 257 "Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" және "Ұлан ауданы әкімдігінің2012 жылғы 18 шілдедегі № 261 Ұлан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулыларының күші жойылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ұлан ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Батырбаев

  Ұлан ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "12" наурыз
№ 205 қаулысына № 1 қосымша

"Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Ұлан ауданы аумағында ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асырады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071600, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов ауылы, Абай алаңы, № 5.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Мемлекет Ұлан ауданының жергілікті атқарушы органы тұлғасында Бөлімнің құрылтайшысы болып табылады.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Ұлан ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. Бөлімнің миссиясы: ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халықтар бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, ауданның ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын, мәдениет және тілдерді қолдау және дамытуға бағытталған мемлекет саясатын жүзеге асыру.
      16. Бөлімнің міндеттері:
      1) ішкі саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және дінаралық келісімді қамтамасыз етеді, мәдениет пен өнер ұйымдарының жұмысын ұйымдастырады, әлеуметтік маңызды іс-шаралар өткізеді және тарихи-мәдени мұраны сақтауда, тілдерді дамытуда бірегей мемлекеттік саясатты жүргізеді;
      2) ауданның жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ Қазақстанның - 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының, Президенттің жыл сайынғы Жолдауларының негізгі басымдылықтарын, мемлекеттік ішкі саясаттың басымдылықтарын насихаттау бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру кешенін өткізуді ұйымдастырады;
      3) саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдарымен және діни конфессиялармен, сондай-ақ басқа да қоғамдық бірлестіктермен, кәсіподақтармен, ұлттық-мәдени орталықтармен конструктивті қарым-қатынасты нығайтады;
      4) мемлекеттік ақпараттық саясат және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      5) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін өркендетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдайды;
      6) мәдениет саласында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, топтық-тектiк және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiкке және зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгiттеуге жол бермеу жөнiнде шаралар қолданады;
      7) аудан аумағында мәдениет пен өнерді дамытудың бағдарламаларын жүзеге асырады;
      8) көркемөнерпаздар ұжымдарының қызметін, халық шығармашылығы, музыка, театр, кітапхана, мұражай, бейнелеу және басқа өнер түрлерін дамытады;
      9) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласына мемлекеттік басқаруды және қадағалауды жүзеге асырады;
      10) мәдениет мекемелеріндегі мамандардың кәсіптік даярлануын ұйымдастырады, олардың мамандық біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;
      11) мәдениет пен өнер нысандарының тиімді пайдалануын қадағалайды;
      12) мәдени-көпшілік шараларды өткізуді қамтамасыз етеді және клуб үйлерінің, демалыс орталықтарының, мұражайлар мен кітапханалардың жұмыстарын үйлестіреді;
      13) тілдерді дамытуда бірегей мемлекеттік саясатты жүргізеді, оны жүзеге асырудың нақтылы тетіктерін жасайды;
      14) тіл проблемалары бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының, тіл саясаты тұжырымдамасының, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының, Президент пен Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің талаптарын іске асырады;
      15) мемлекеттік тілді дамыту мен қолданудың аясын кеңейту жөніндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасайды және іске асырады;
      16) мемлекеттік тілді барынша дамытады, оның беделін нығайтады, Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасайды;
      17) бірегей мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мәселелері бойынша білім беру, мәдениет мекемелерімен, жастар және басқа қоғамдық бірлестіктермен өзара байланысты жүзеге асырады;
      18) ведомствоға бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындайды;
      19) ведомствоға бағынысты коммуналдық кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;
      20) ведомствоға бағынысты коммуналдық кәсіпорындар мүлкінің сақталуын және даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады.
      21) жастар саясатын іске асыруда билік органдарының қызметін реттейді.
      17. Бөлімнің функциялары:
      1) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырады;
      2) аудандағы діни жағдайға зерделеу және талдау жүргізеді;
      3) діни іс-әрекеттер мен діни бірлестіктер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша дін іс-әрекеттері саласындағы уәкілетті органдарға ұсыныстар жасайды;
      4) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
      5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
      6) Ұлан ауданы аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдалануына (тігілу, орналастыру) мониторинг жасайды;
      7) жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
      8) ауданның, сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
      9) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
      10) мәдениет пен өнер саласындағы мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтады;
      11) мәдениет пен өнердің дамуына бағытталған аймақтық және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
      12) ұлттық салт-дәстүрдің сақталуы мен дамуын қамтамасыз етеді;
      13) өнер жанрлары бойынша байқаулар, көркемөнерпаздар фестивальдерін ұйымдастырады және мемлекеттік мерекелерге қатысты шараларды өткізеді;
      14) шығармашылық ұжымдардың ауданаралық тәжірибе алмасуын ұйымдастырады;
      15) "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларының ауданның атқарушы мемлекеттік органдарында орындалуының іске асуы мен үйлестірілуін қамтамасыз етеді;
      16) қолданыстағы "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының және тілдерді қолдану мен дамытуға байланысты нормативтік актілердің іске асуын талдайды, сондай-ақ оларды тиімді енгізу жөнінен ұсыныстар даярлауды жүзеге асырады;
      17) аудандық ономастикалық комиссияның іс-әрекетін қамтамасыз етеді, сондай-ақ, ауданның ономастикалық ісіне талдау жүргізеді;
      18) тілдерді дамыту саласында ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігіне бағытталған, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге арналған шараларды іске асырады;
      19) қоғамдық бірлестіктермен тіл жөніндегі заңнамалардың сақталынуын қамтамасыз ету бойынша тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға өзара әрекеттеседі;
      20) тіл-аралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер ұйымдастырады;
      21) орыс, ағылшын және Қазақстан халықының басқа тілдерінің үйлесімді дамуы үшін жағдай жасауға жәрдемдеседі;
      22) аудандағы тілдік ахуалдың мониторингін жүргізеді;
      23) тілдік ортаны жасау, сондай-ақ тілдерді дамытудың өзекті мәселелері бойынша шаралар өткізеді;
      24) жергілікті өкілетті және атқарушы, басқа да мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және мекемелердің тіл заңнамаларын сақтау мәселесі бойынша іс-әрекеттерін үйлестіреді және бақылайды, олардың бұзылу фактілерін қарайды және шара қолдану бойынша ұсыныстар енгізеді;
      25) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      18. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
      1) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде Бөлім қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;
      3) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) өзінің қызметтерін іске асыру үшін қажетті мәселелерді дайындау мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту (келісім бойынша), тиісті ұсыныстарды дайындау үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
      8) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіруге байланысты аудан әкіміне ұсыныстар енгізу, ақпараттық талдау мен басқа да материалдарды дайындау;
      9) әлеуметтік зерттеулер мен талдаулар жүргізу үшін келісім-шарттық негізде қажетті мамандарды тарту;
      10) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға Бөлім қызметін орындауға байланысты тапсырмалар беру, оның орындалуын бақылау;
      11) Бөлім құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. Бөлімді басқару Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      20. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлан ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Бөлімнің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары мен мамандары болады.
      22. Бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін білдіреді;
      6) Ұлан ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік орган қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. "Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жастар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      2. "Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дарын" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      3. "Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ұлан аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      4. "Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады