Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес,Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үржар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 ақпандағы "Ауылдық (селолық) жердегі жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі" (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2013 жылғы 04 сәуірдегі № 2925 болып тiркелген, 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 37 "Уақыт тынысы/Пульс времени" аудандық газетінде жарияланған) № 91 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Үржар ауданы әкімінің аппарат басшысы Н. Қараталовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Ж. Байсабыров |